2025 жылдың қараша айында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты апталығы өтті. Апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Апталықтың ашылу салтанатында Алаш қайраткері, ұлт жанашыры Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығына арналған фильмнен әсерлі үзінді көрініс қойылды. Бұл көрініс оқушыларға рухани серпіліс беріп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.
Апталық аясында өткізілген пән мұғалімдерінің ашық сабақтары да жақсы деңгейде өтті. Заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылар да сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған сыныптан тыс түрлі танымдық шаралар, пікір сайыстар, көңілді үзілістер мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
