«Ғажайып әлемнің — үш тірегі» атты мектеп бойынша «Эрудит» пәндер бірлестігінің апталығы 19.01.2026 — 23.01.2026 күндерінде болып өтті. Апталықтың жұмыс жоспары бекітіліп, жоспар бойынша апталық жүргізілді.
[icon name=»square-root-variable» prefix=»fas»] Апталық өткізудің мақсаты:
- Оқушылардың математика, информатика және физика пәндеріне қызығушылығын арттыру;
- Ғылымға деген шығармашылық ізденісін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
- Зияткерлік жарыстар мен ғылыми тәжірибелер арқылы оқушылардың білімін тереңдету;
- Жаңа технологияларды тиімді қолдануға, цифрлық сауаттылыққа баулу;
- Оқушыларды ғылым-білімді құрметтеуге, ұжымдық жұмыс пен бәсекеге қабілеттілікке тәрбиелеу.
