2026–2029 жылдарға арналған Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыратынын

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға, сондай-ақ 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрықтың 5-тарауының 33-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және қолданыстағы Қамқоршылық кеңес құрамының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, КММ «№ 28 орта мектеп» 2026–2029 жылдарға арналған Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыратынын хабарлайды және оның құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар қабылдайды.
Қамқоршылық кеңестің құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.
Кандидаттар Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1. еркін нысанда жазылған өтініш;
2. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған түйіндеме;
4. білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
6. кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер.

КММ «№28 орта мектеп» Қамқоршылық кеңесінің құрамына кандидаттарды ұсыну және қабылдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Құжаттар мен кандидаттар туралы ұсыныстар Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, 25 «А» мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7132) 45-81-09
Электрондық пошта: Sshkola28@mail.ru

Құжаттар 2026 жылғы 8 қазанға дейін қабылданады.