2025 жылдың желтоқсан айында тарих пәні әдістемелік бірлестігінің «Тарихтың іздерімен: өткеннен болашаққа» атты апталығы өтті. Апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Апталықтың ашылу салтанатында «Тарих хронологиясының шеруі» өтті. Бұл көрініс оқушыларға өткенімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.

Апталық аясында өткізілген пән мұғалімдерінің ашық сабақтары да жақсы деңгейде өтті. Заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылар да сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты. Оқушылар топтық жұмыстарға белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.

Сонымен қатар, апталық барысында оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі танымдық шаралар өткізілді. Атап айтқанда, тарихи викториналар, «Тарих және тағлым» атты дөңгелек үстел, конференциялар, интелектуалды ойындар өткізілді.

Апталықтың қорытындысы ретінде оқушылар арасында «Тарихи Quiz» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Куиз барысында қатысушы оқушылар өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.