Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізіледі.

Бағдарламаны дамыту бірнеше кезеңді қамтиды. 2025 жылы Бағдарлама аясында барлық қатысушыларды тартып, жекеменшік мектептермен жұмыс күшейтіледі. 2026 жылы Бағдарламаны қоғамға кеңінен тарату үшін пәрменді шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтарын ескере отырып, мектептердің бірыңғай дизайн-коды әзірленеді.

PDF Loading...