Педагогпсихолог ата-аналарға «жасөспірімдер психологиясы«тақырыбында тренинг өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдердің жас ерекшеліктері, мінез-құлық пен эмоционалды жағдайдың өзгеру себептері, сондай-ақ осы кезеңдегі балалармен өзара әрекеттесудің тиімді әдістері қарастырылды. Ата-аналарға сенімді қарым-қатынас орнату, балаларын қолдау және түсіну бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Мұндай іс-шараларды өткізу ата-аналардың психологиялықпедагогикалық сауаттылығын арттыруға және отбасы мен мектептің ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.